DEMO
Bitlo.ru - Құшағын жолыққанда жаяр кісі
Аноним
Жанр: поп, спокойная, relaxing, эмбиент, moderate tempo, balanced rhythm
О песне «Bitlo.ru - Құшағын жолыққанда жаяр кісі»
Песня «Bitlo.ru - Құшағын жолыққанда жаяр кісі» представляет собой поп, спокойная, relaxing, эмбиент, moderate tempo, balanced rhythm от Аноним. Каждая нота этой композиции была сгенерирована с использованием передовых AI-технологий, что делает её звучание по-настоящему уникальным и неповторимым.
Слова песни «Bitlo.ru - Құшағын жолыққанда жаяр кісі» доступны для чтения ниже. Мы рекомендуем послушать трек, следя за текстом — так вы получите максимальное удовольствие от прослушивания.
Оцените эту композицию и поделитесь ей с друзьями. Каждый лайк помогает автору и продвигает трек в рейтинге Bitlo.
Это демо-версия трека. Полная версия доступна для покупки — после оплаты вы получите MP3-файл без ограничений. А если хотите создать свой трек — попробуйте генератор музыки Bitlo.
🎵 Выкупите полную версию
390 ₽
- Полная длительность трека
- Скачивание MP3
- Без ограничений
Выкупить трек
Текст песни «Bitlo.ru - Құшағын жолыққанда жаяр кісі»
Құшағын жолыққанда жаяр кісі
Бақыттың қонса деймін баяндысы
Ұядан қанат қағып ұзап барат
Батамен өз үйінің аяулысы
Аялап әлпештеген бесігімде
Уйреткен мейіріммен кешірімге
Алғысым ең әуелі анашыма
Жеткізген 3 баласын осы күнге
Ыстық пен суықта еш жасымаған
Жан ана сізғой нағыз асыл адам
Қарамай күн мен түнге еңбектеніп
Маңдай тер адал нанмен асыраған
Біздерге қорған болған тірегіміз
Аягөз екеумізде тілегіңіз
Мамықтай алақаны қандаай болса
Дәл сондай жұмсақ еді жүрегіңіз
Анашым ең жанашыр адамымыз
Жылулық төгіп тұрар жанарыңыз
Мен үшін таудан биік көрәнеді
Жасырған жәннат кілтін табаныңыз
Жарқырап жүріңізші ортамызда
Айналды қос гүліңіз алқаңызға
Қазақтың қызы қандай болатының
Уйрендік өзіңіздің арқаңызда
Өсиет сөздеріңіз бізге аманат
Қыз үйге,ұл өседі түзге қарап
Бой түзеп өзіңіздің үлгіңізге
Сүйсініп тамсанамын сізге қарап
Жолыма дұға жасап бата қылған
Алаңдап күтіп жүрер сапарыңнан
Мен сізге ана шексіз алғыс айтам
Өсіріп қалдырмаған қатарымнаң
Балауса, аяулы әпкем, ізгім едің, ізгім едің
Сұрайды бақытыңды қыз тілегім
Сен менің жаны жақын сырласымсың
Соғады өзіңменен бір жүрегім
Табиғат мінезіңді жарқын еткен
Көңілім толқығандай әр тілектен
Құдайға сансыз мәрте шүкір етем
Өзіңдей әпке маған тарту еткен
Бахтияр ағам менің, дара туған, Жақсылығың жүрегімде мәңгі тұрған. Қарындас деп аялап қамқор болып, Талай қиын кезеңде демеу болған.
Ағатайым, арқа сүйер панам едің, Жақсылығын аямайтын адам едің. Қуанышым мен мұңымды бөлісетін, Жүрегіме ең жақын жан өзің едің.
Бүгін міне ұзап барам ақ босаға, Ақ тілекпен шығарып сал бақ қоса. Қарындасың бақыт тапсын деп тілеген, Алғысым көп өзіңдей жан ағама.
Саламын отбасыма бар күшімді
Осы сәт қуаныштың алды сынды
Дүниеге келуіме себеп болған
Айтамын сізгеде әкем алғысымды
Қызы едім әжесінің ертеректен
Өмірге естеліктер көркем еткен
Әжетай менің сізге алғысым зор
Балалық балғын шақта еркелеткен
Еске алсам күндерімді мен кешегі
Біздің үй бақ ырыстың өлкесі еді
Қызының ақ жолына бата берген
Аман бол, алтын ұям, берекелі.
Айтатын өсиет пен ақылдарын
Сүйемін берекелә тату бәрін
Қолыңда өскеннен соң бала кезден
Нағашым ең жанашыр жақындарым
Алтыннан қвмбат болған бағасы бар
Біздерге кай кезде де жан асығар
Өмірдің әр сәтінде сүйеу болған
Сіздерді жақсы көрем нағашылар
Қазақтың қызы деген ғажап атпен
Аттамай ғұмыр кештім сөз әдептен
Елімнің батасымен міне бүгін
Жұп болдым тағдыр қосқан азаматпен
Жаққанда махаббатын ақ шырағын
Еріме жүрегімді тапсырамын
Ақ тілек батаңызбен ұзап барам
Көргенше қош аман бол жақсыларым!
Создать свою песню с ИИ